News & Events
«Спорт – денсаулық кепілі»
- 17.08.2018
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
«Спорт – денсаулық кепілі»
Спорт күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде. Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. Мемлекеттің өзі беделді халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда. Бұл Қазақстанда спорт мәдениетінің жоғары деңгейде дамуының әлемдік мойындалуын көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 17 тамызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Спорт» күніне орай әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын тоғызқұмалақтан спорт шебері, кітапхана оқырманы Қалқаев Қайрат Мырзахметұлы шеберлік сағатын өткізді. Шара барысында кітапхана қызметкерлеріне тоғызқұмалақ ойынының тарихына тоқталып, жүру әдісін үйретті.
Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінде шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ интелектуалды ойындарымен шұғылданатын оқырмандарымыз бар, «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз айтқандай қазіргі жаһандану заманында жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, спортпен айналысуына ерекше көңіл бөлінуде, соның арқасында көптеген жастарымыз спортпен шұғылдануда. Біздің кітапханамыз да осындай спортқа жақын жастармен мақтана алады. Жастар арасында шахмат интелектуалды ойыны бойынша: Бостан Әлішер, Болат Жанымхан, Өтешов Аманхан, Устименко Станислав, Көсемісов Елжас, Жүнісбекова Ақниет жүлделі орындардан көрініп жүрсе, дойбы интелектуалды ойынымен шұғылданатын Маханова Захра (Спорт шеберлігіне кандидат), Белокрылов Николай (Дойбыдан спорт шебері, Қазақстан Республикасының жеңімпазы), Никифоров Геннадий (Дойбыдан әлем чемпионы), Терехова Зинаида, Құрманбеков Мұрат, Медьяров Рамазан (Дойбыдан спорт шебері, Қазақстан Республикасының жеңімпаздары) сияқты оқырмандарымызбен мақтанамыз.
Нүсіпбаева Зинаткыз тоғызқұмалақтан спорт шебері болса, кітапхана директорының орынбасары Жұмабеков Махсут шахматтан спорт шебері, кітапхана оқырманы Бибиков Юрий шахматтан спорт шебері.
Спорттық шеберлігімізді дамыту аясында, өнер және спорт әдебиеттері бөлімі, жыл сайын, дәстүрлі түрде «Спорт» күніне орай шаралар ұйымдастырады.
Боранбаев Б., Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері
«Спорт – залог здоровья»
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева от 15 ноября 2003 года, День спорта отмечается в третье воскресенье августа. Праздник получил широкую поддержку в сфере спорта. Расширению массового спортивного движения в стране и развитию спорта способствует политика, направленная на стимулирование достижений в спорте.
Казахстанские спортсмены в последние десятилетия показывают лучшие результаты на международных соревнованиях и на Олимпийских играх. Наше государство становится местом проведения престижных международных соревнований.
17 августа текущего года в Республиканской библиотеке для незрячих и слабовидящих граждан мастер спорта Кайрат Қалқаев провел мастер-класс по интеллектуальной игре — тогызкумалак. В ходе мероприятия работникам библиотеки рассказали историю игры в тогызкумалак, обучили ее правилам.
В отделе литературы по искусству и спорту есть читатели, занимающиеся шахматами, шашками, интеллектуальной игрой – тогызкумалак.
И как говорит наш Президент: « …В эпоху глобализации, современное молодое поколение должно всесторонне развиваться, и поэтому в Казахстане молодежь уделяет особое внимание — занятию спортом…». Наши сотрудники и читатели также могут похвастаться своими спортивными достижениями, особенно молодежь.
Наша библиотека гордится такой молодежью, Это: Бостан Алишер, Болат Жанымхан, Утешов Аманхан, Устименко Станислав, Кусемисов Елжас, Жунисбекова Акниет. Они берут пример с наших зрелых, активных читателей, таких как: Белокрылов Николай (мастер спорта СССР по шашкам (русские, бразильские, стоклеточные), победитель соревнований по Республике Казахстан), Никифоров Геннадий (чемпион мира по шашкам), Терехова Зинаида, Курманбеков Мурат, Медьяров Рамазан (национальные мастера спорта по шашкам, победители), мастер спорта по шахматам Бибиков Юрий, Нусипбаева Зинаткыз (мастер спорта по тогызкумалаку), которыми мы восхищаемся.
Кроме них и среди сотрудников библиотеки есть свои именитые спортсмены: заместитель директора библиотеки Джумабеков Махсут (мастер спорта по шахматам), Маханова Захра (кандидат в мастера спорта по шашкам), их спортивное мастерство подтверждается победами на республиканских и международных соревнованиях.
Боранбаев Б., Сотрудник отдела литературы по искусству и спорту