Бүгін кітапхананың Жеке қызмет көрсету бөлімінде «Композитор Мүбәрәк Шәкір – 70 жаста!» атты кітапхананың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүбәрәк Әкмалұлының 70 жасқа толуына орай әуенді кездесу өтті. Мерей той иесінің атқарған еңбегі жайында слайд көрсетілді. Жұбайы Жәния Сәбитқызымен ұл-қыз өсіріп, немере сүйген бақытты отбасына бүгінде 47 жыл толыпты. Толассыз құттықтаулар мен сыйлықтар тартылып туған күн иесі көпшілік сый-құрметіне бөленді.