Баршаңызды Отанымыздың жүрегіне, тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған бас қаламыз Астананың 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінде сәулеті мен дәулеті жарасқан Елордамызды төрткүл дүниеге танытқан Астана жаңа ғасырдың, жаңа дәуірдің жасампаз шаһары атанып, бар қазақтың бас қаласына айналды. Осы мерейлі мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілейміз!
Елорда тойы – елдің тойы, елдіктің мерекесі, ұлттың қуанышы, мемлекеттің мерейі бола бермек!
Ізгі тілекпен, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана ұжымы