News & Events
Библиографтарға арналған онлайн кәсіби практикум өтті
- 05.11.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Библиографтарға арналған онлайн кәсіби практикум өтті
4-5 қараша күндері Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы арнайы кітапхана мамандарына арналған «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханалардың библиографиялық қызметі: практика, инновациялар және кәсіби даму» тақырыбында екі күндік онлайн-кәсіби практикумды екінші рет өткізді.
Іс-шараға кітапхана қызметкерлері және облыстық, қалалық арнайы кітапханалардан барлығы 42 қызметкер қатысты.
Катысушылар келесі заманауи бағыттармен танысты: Библиографиялық қызметтің заманауи трендтері; Өлкетану библиографиясының ерекшеліктері; Қолжетімді ақпараттық ресурстарды құру жолдары; Жасанды интеллектіні (ЖИ) кәсіби қызметте қолдану мүмкіндіктері.
Практикум аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті Гүлдана Оразбекқызы «Библиограф жұмысындағы жасанды интеллект: ақпаратты іздеу, библиографиялық өнім жасау және деректерді тексеру» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Практикум барысында әр теориялық блоктан кейін қатысушылар белсенді түрде тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Қорытынды кезеңде мамандар арнайы кітапханалардың библиографиялық жұмысын жетілдіруге бағытталған шағын жобаларын әзірлеуде, оның нәтижесі бойынша қатысушылар сертификаттарға ие болады.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана еліміздің облыстық және қалалық арнайы кітапханаларына әдістемелік қолдау көрсететін орталық ретінде бұл іс-шараны Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің библиографы Сәулеш Назырованың ұйымдастыруымен өткізілді. Техникалық қолдауды Автоматтандыру және техникалық қолдау бөлімінің жетекшісі Мұхтар Қабылбаев қамтамасыз етсе, ақпараттық сүйемелдеуді Гүлсая Сәтбай жүзеге асырды.
Бұл шара кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды меңгеруге және арнайы кітапханалардың библиографиялық қызметін жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік берді.

