News & Events
«Ғасырлар пернесі — Сәттіғұл» атты халық ақыны Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдығына арналған әдеби сағат өтті
- 06.11.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Ғасырлар пернесі — Сәттіғұл
2026 жылдың 6 қарашасы күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында «Ғасырлар пернесі — Сәттіғұл» атты халық ақыны Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдығына арналған әдеби сағат өтті.
Шараның мақсаты: халық ақыны Сәттіғұл Жаңғабылұлының өмірі мен сан қырлы шығармашылығын оқырмандарға таныстыру, оның қазақ әдебиеті мен халықтың поэзия өнерінің дамуына қосқан үлесін насихаттау. Ақынның әдеби мұрасын сақтау және кеңінен дәріптеу, шығармаларына деген қызығушылықты арттыру, ұлттық салт-дәстүрге, тарихқа және қазақ халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ оқырмандардың әдеби танымын кеңейту..
Шара барысында Сәттіғұл Жаңғабылұлының шығармалары жайында мағлұмат беріліп, «Досан батыр» дастаны толық баяндалып, толғаулары экраннан көрсетілді.
Шараға 20 адам қатысты.
