News & Events
Республика күніне орай «Республика – Рух пен Еркіндіктің Елшісі» атты мерекелік іс-шара өтті
- 23.10.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Республика – Рух пен Еркіндіктің Елшісі
2026 жылғы 23 қазанда Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Республика күніне орай «Республика – Рух пен Еркіндіктің Елшісі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі — Республика күнінің тарихи маңызын насихаттау, оқырмандарға еліміздің тәуелсіздік жолындағы қалыптасу тарихын таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік сезімді арттыру, ел бірлігі мен тәуелсіздікке деген құрметті нығайту. Сонымен қатар зағип және нашар көретін азаматтардың рухани-мәдени өміріне қолдау көрсету, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру және ел тарихына деген қызығушылығын дамыту.
Мерекелік шараға ҚСҚ Мәдениет үйінің «Алатау бұлбұлдары» хоры, «Қаламқас» вокалды тобы және Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Қатысушылар патриоттық әндерді шырқап, өлеңдер оқып, кештің мазмұнын байытып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Шараға 50 адам қатысты.







