News & Events
«Мақсат бар жерде шектеу жоқ» байқауының өткізілуі туралы есеп
- 15.10.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Мақсат бар жерде шектеу жоқ» байқауының өткізілуі туралы есеп
2026 жылғы 8 қазанда Халықаралық «Ақ таяқ» күніне орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Мақсат бар жерде шектеу жоқ» атты байқау өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – көру қабілеті бұзылған азаматтардың зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау, Брайль жүйесін қолдануға қызығушылығын арттыру, тактильді ақпаратты қабылдау дағдыларын жетілдіру және олардың қоғамдық-мәдени өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау.
Байқауға Алматы қаласындағы арнайы мектептердің 9-сыныптан бастап жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ ересек зағип және нашар көретін азаматтар қатысты.
Ересектер арасындағы байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Брайль жүйесі бойынша мәтінді оқу» номинациясында:
- I орын – Айтжанова Әспеткүл;
- II орын – Тарасова Любовь;
- III орын – Тайжанова Мадина.
«Бедерлі-графикалық құралдарды тану» номинациясында:
- I орын – Тайжанова Айнұр;
- II орын – Жанысбаев Олжас;
- III орын – Нұрлыбаев Мағжан.
Қосымша жүлделі орындарға Иминова Мариям (2 орын) мен Айтжанов Азамат (3 орын) ие болды.
Оқушылар арасындағы жеңімпаздар
«Брайль жүйесі бойынша мәтінді оқу» номинациясында:
- I орын – Мирхаликова Малика Эркиновна;
- II орын – Андаспай Ляйсан Ермекқызы;
- III орын – Нургалиева Аша Мейрамовна.
«Бедерлі-графикалық құралдарды тану» номинациясында:
- I орын – Болатханқызы Әдемі;
- II орын – Шейерман Виктория;
- III орын – Бекбулат Аяна.
Қосымша жүлделі орындарға Алиев Эмирхан (2 орын), Серова Надежда (3 орын) және Асқарұлы Арсен (3 орын) ие болды.
Байқауға төрелік еткен кітапхана қызметкерлері қатысушылардың әрқайсысына қолдау білдіріп, олардың ұмытылысы мен жетістіктеріне оң бағасын берді.
Байқауға барлығы 21 адам қатысты, әрқайсысы өз мүмкіндіктерін танытып, байқаудың мазмұнды әрі әсерлі өтуіне үлес қосты.
Ересек қатысушыларды марапаттау рәсімі 2026 жылғы 15 қазанда «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалында өтті. Ал байқауға қатысқан оқушыларға кітапхана қызметкерлері арнайы сый-сияпат дайындап, олардың белсенділігі мен талпынысына қолдау білдірді.
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрайымы Ибрагимова Алтынай Қоңыратбайқызы жүлдегерлерді марапаттап, жеңімпаздарға жылы лебізін білдіріп, алдағы уақытта да толағай табыстарға жетулеріне тілектестігін жеткізді.
Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің басшысы, байқау ұйымдастырушысы Рахимжанова Алия Солташқызы Халықаралық «Ақ таяқ» күнімен құттықтап, атаулы күннің тарихына тоқталып, оның зағип жандардың құқықтары мен мүмкіндіктерін насихаттаудағы маңызын атап өтті.
Байқауға қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін ортаға салған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!














