News & Events
Республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Оқимыз. Тыңдаймыз. Ән саламыз» инклюзивті музыкалық-поэзиялық жобасы ұйымдастырылды
- 09.10.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Оқимыз. Тыңдаймыз. Ән саламыз
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Оқимыз. Тыңдаймыз. Ән саламыз» инклюзивті музыкалық-поэзиялық жобасы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – қатысушылардың әдебиетке, поэзияға және музыкаға қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділігін дамыту және инклюзивті мәдени ортаны қалыптастыру.
Кездесу кешіне «Белая птица» поэзиялық клубының мүшелері қатысты. Қонақ ретінде композитор, әнші Альнора Сұлтанқызы Мурдинова шақырылып, оның шығармашылығы таныстырылды. Кеш барысында кітапхананың зағип оқырманы Саадат Сакиеваның сөзіне жазылған Альнора Сұлтанқызының музыкалық туындылары орындалды.
Шара қатысушыларға рухани-эстетикалық әсер сыйлап, әдебиет пен музыкаға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Шараға 50 адам қатысты.







