News & Events
High Tech Academy мектебінің 9-сынып оқушыларымен кездесу-интервью өткізілді
- 23.09.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
High Tech Academy оқушыларымен екі күндік кездесу-интервью
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада 23-24 қыркүйек күндері High Tech Academy мектебінің 9-сынып оқушыларымен кездесу-интервью өткізілді.
Оқушылар қазіргі таңда көру мүмкіндігі әртүрлі адамдардың бірге ойнай алуына мүмкіндік беретін инклюзивті үстел ойынын әзірлеу бойынша жоба жүргізіп жатыр. Осыған байланысты олар болашақ ойынның әлеуетті пайдаланушыларының қызығушылықтарын, күнделікті тәжірибесін және ойынға қатысты қажеттіліктерін зерделеу мақсатында кітапхана оқырмандарымен сұхбаттасты.
Интервью барысында оқушылар кітапхана оқырмандарының бос уақытын өткізу ерекшеліктері, қызығушылықтары, сүйіп ойнайтын ойындары, үстел ойындарын пайдалану тәжірибесі, ойын барысында маңызды болатын элементтер және ойын процесін қызықты әрі қолайлы ететін факторлар туралы сұрақтар қойды.
Оқырмандар өз кезегінде тәжірибелерімен бөлісіп, ойын элементтерінің қолжетімділігі, тактильді және дыбыстық белгілерді пайдалану жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Кітапхана тарапынан оқушылардың зерттеу жұмысына қолдау көрсетіліп, инклюзивті орта қалыптастыру, көру мүмкіндігі әртүрлі адамдардың қажеттіліктерін ескеру және қолжетімді мәдени-демалыс өнімдерін дамыту бағытында тәжірибелік ақпарат ұсынылды.
Аталған іс-шараға 50 адам қатысты.
Оқушыларға жобаларын сәтті жүзеге асырып, қызықты әрі баршаға қолжетімді үстел ойынын жасап шығуына тілектеспіз!








