News & Events
А.П. Чехов атындағы Краснодар өлкелік зағиптарға арналған арнайы кітапхана ұйымдастырған, «Туған жер туралы сөз: зағиптарға арналған арнайы кітапханалардың инклюзивті және шығармашылық бастамалары» атты халықаралық деңгейдегі өңіраралық «Библиомост» іс-шарасына қатысу
- 16.09.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Кітапханалық көпірге қатысу
2026 жылғы 16 қыркүйекте Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың қызметкерлері Краснодар өлкесінің зағип жандарға арналған А.П. Чехов атындағы арнайы кітапханасы ұйымдастырған «Туған өлке туралы сөз: зағип жандарға арналған арнайы кітапханалардың инклюзивті және шығармашылық бастамалары» атты халықаралық қатысумен өткен конференцияға қатысты.
Іс-шара аясында кітапхана мамандары өлкетану библиографиясы, цифрлық ресурстар, сондай-ақ өңір халықтарының әдеби дәстүрлерін кітапхана кеңістігінде насихаттау мәселелеріне арналған екі бейнедоклад ұсынды.
«Зағип жандарға арналған өлкетану библиографиясы: дәстүрлі көрсеткіштен цифрлық ресурстарға дейін» тақырыбында Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің библиографы Назырова Саулеш Сапабековна баяндама жасады.
«Тірі тамырлар: өңір халықтарының әдеби дәстүрлерін кітапхана кеңістігінде насихаттау тәжірибесінің өзектілігі» тақырыбын «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару бөлімінің кітапханашы-редакторы Абдрахманова Зарина Злаудиновна таныстырды.
Кітапханалық көпірге қатысу Қазақстан Республикасының арнайы кітапханаларының тәжірибесін таныстыруға, арнайы кітапханалар әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасуға, сондай-ақ өлкетану және инклюзивті бағыттағы кітапханалық қызметті дамытудың заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.

