News & Events
«Өнегелі өмір – жүрек көзімен» жобасы аясында «Ұлт тарихын ұлықтаған тұлғалар» тақырыбында Қалила Нематуллаұлы және Мұхтар Қалилаұлы Омаровтармен кездесу кеші өтті
- 25.09.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Ұлт тарихын ұлықтаған тұлғалар
2026 жылғы 24 қыркүйекте Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Өнегелі өмір – жүрек көзімен» жобасы аясында «Ұлт тарихын ұлықтаған тұлғалар» тақырыбында Қалила Нематуллаұлы және Мұхтар Қалилаұлы Омаровтармен кездесу кеші өтті.
Кездесудің мақсаты – ұлттық кино мен руханиятқа үлес қосқан тұлғалардың шығармашылығын насихаттап, жастарға өнеге көрсету.
Шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Қалила Нематуллаұлы «Алаш арыстары», «Бауыржан Момышұлы», «Міржақыптың оралуы» деректі фильмдері арқылы ұлт тарихын экранда жаңғырту жолындағы шығармашылық еңбегімен бөлісті. Ал Мұхтар Қалилаұлы Омаров фильмдердің компьютерлік графикасы мен монтажын жасау барысы туралы әңгімеледі.
Кездесу барысында ұлттық тарихты ұлықтау, рухани құндылықтарды сақтау және тарихи тұлғаларды кейінгі ұрпаққа таныту мәселелері сөз болды.
Шараға 40 адам қатысты.






