News & Events
Қала күніне арналған «Менің сүйікті қалам!» атты Алматы қаласының танымал әндерінің дайджестін оқырман назарына онлайн ұсынды
- 21.09.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Менің сүйікті қалам
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қала күніне арналған «Менің сүйікті қалам!» атты Алматы қаласының танымал әндерінің дайджестін оқырман назарына онлайн ұсынды.
Іс-шараның мақсаты: Алматы қаласына деген махаббат пен патриоттық сезімді ояту. «Алматы – үлкен үйіміз» деген ұғымды жастардың жүрегіне жеткізу. Оқушылар мен жастардың туған қаласына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін оятып, қаланың тарихы мен әсемдігін ән арқылы дәріптеу. Алматы қаласы туралы ел есінде сақталған әндердің мазмұны мен көркемдік құндылығын ашу.
Әлеуметтік желі қолданушыларына «Алматы түні», «Бақыт құшағында», «Сағындым Алматымды», «Песня об Алма-Ате», «Алматының түндері-ай» секілді халық жүрегінен орын алған әндердің тізімі ұсынылып, «Дос-Мұқасан» ансамблінің орындауында «Алматым» әніне түсірілген бейнеролик көрсетілді.
Нұржамал Сарсенова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы