Сіздің отбасылық мерекелеріңіз
2026 жылдың 13 қыркүйек күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі Отбасы күніне орай көше акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты: отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасының қоғамдағы маңызын насихаттау, отбасылық бірлік пен өзара сыйластықты нығайту, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен мейірімділікті арттыру.
Шара барысында қала тұрғындарымен отбасы құндылықтары, отбасындағы сыйластық пен бірліктің маңызы туралы әңгіме-сұхбат жүргізілді. Қатысушыларға Отбасы күніне қатысты сұрақтар қойылып, олардың отбасы туралы ой-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, отбасылық дәстүрлер, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас және бірге кітап оқудың пайдасы туралы пікір алмасу ұйымдастырылды.
Сұхбатқа 10 адам қатысты.