Тілім менің – тірлігімнің айғағы
2026 жылдың 4 қыркүйек күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты Қазақстан халқы тілдер күніне орай әдеби-сазды кеш өтті.
Мақсаты: оқырмандарды қазақ тілінің байлығы мен ерекшелігімен таныстыру, оның сұлулығы мен мәнерлілігін паш ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне деген құрметті, қазақ әдебиеті мен тіліне деген қызығушылықты қалыптастыру.
Кеш жүргізушілері оқырмандар назарына Қазақстан халқы тілдері тарихы туралы ақпарат берді. Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары мен қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаларын көрермендерге ұсынды.
Іс шараға 42 адам қатысты




