News & Events
Абай Құнанбаевтың 173 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
- 02/08/2018
- Posted by: RBNSG
- Category: News
Абай әлемі
Тамыз айының 2-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 173 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кеш кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі жанынан құрылған «Незабудка» әдеби-сазды бірлестігі мен «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубы аясында ұйымдастырылды.
Кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз Ұлы ақынның өнегелі өмірін, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өскелең ұрпақты көркем сөйлеу, Абай өлеңдері мен әндерін мәнерлеп оқуға тәрбиелеу болған.
Іс шара барысында «Әлем таныған ұлы Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды.
Кеш қонағы шетел ақындарының өлеңдерін, сондай-ақ 100-ге тарта кинофильмдерді қазақшаға аударған, Абай атындағы халықаралық «Шығыс шынары» жыр мүшайрасының Алтын медалін екі рет иеленген ақын Зейнолла Тлеужанұлы болды.
Кешті дәстүрлі әнші «Өнер» өрімдері әдеби-мәдени клубының жетекшісі Бауыржан Құмарбек пен «Незабудка» әдеби-сазды бірлестік жетекшісі Владимир Ивановский жүргізді.
Кеш барысында кітапхананың белсенді оқырмандары Марфа Глущенко орыс тілінде «Не бейся сердце чересчур», кітапхана қызметкері Зарина Абдрахманова ұйғыр тілінде «Ілім тапмай мақтанба», Геннадий Дёмин «Тихой ночью при луне», «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубының белсенді мүшесі Сәуле Смағұлова «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», атты Абай өлеңдерін шабыттана оқыды. «Қаламқас» вокалды тобының орындауында «Айттым сәлем Қаламқас», аталға топтың әншілері Қалиева Фарида,
Алма Бейсенбаевалар «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін нақышына келтіре шырқады. «Армандастар» воклды-аспапты ансамбль әншілері Азамат пен Әспеткүл Айтжановтардың орындауындағы «Татьянаның Онегиге хаты» әні кешімізді ажарландыра түсті. Кеште Владимир Ивановскийдің ұлы ақын Абайға арналып жазылған «Моим потомкам» атты жаңа өлеңінің тұсауы кесілді.
«Өнер-өрімдері» әдеби-мәдени клубының мүшесі, ақын, композитор, күйші талап Қараш қазақтың ақын қыздарының бірі Қанипа Бұғыбаеваның «Соңғы сөз» атты өлеңдер жинағын кітапхана қорына сыйға тартты.
Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Мақсұт Таинұлы кеш жүргізушілеріне, қатысушыларға, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Кешіміз Бауыржан Құмарбектің Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындауымен мәресіне жетті.
Іс шараға барлығы 48 адам қатысты.
Жеке қызмет көрсету бөлімі
Мир Абая
2 августа в Республиканской библиотеке для незрячих и слабовидящих граждан прошёл литературно-музыкальный вечер «Мир Абая», посвящённый 173-й годовщине со дня рождения великого просветителя, писателя, поэта Абая Кунанбаева. Мероприятие проходило в рамках литературно-музыкальных объединений «Өнер өрімдері» и «Незабудка». К мероприятию была оформлена книжно-иллюстративная выставка «Әлем таныған ұлы Абай».
Гостем вечера был известный писатель, поэт, дважды обладатель золотой медали «Шығыс шынары» Зейнолла Тлеужанұлы. Он рассказал несколько стихотворений, одно из которых было посвящено Абаю.
Вечер вели руководитель литературно-музыкального объединения «Незабудка» Владимир Ивановский и руководитель литературно-музыкального объединения «Өнер өрімдері» Бауыржан Кумарбеков. На вечере прозвучали стихи Абая. Незрячий поэт Владимир Ивановский презентовал своё новое стихотворение «Обращение потомкам», которое он посвятил великому Абаю. Бауыржан Кумарбеков спел песню Абая «Сегіз аяқ».Участники вокальной группы «Каламкас» исполнили песню «Айттым сәлем Каламкас». В исполнении солистов вокальной группы «Каламкас» Калиевой Фариды, Бейсембаевой Алмы прозвучали песни «Көзімнің қарасы», « Желсіз түнде жарық ай ». Солистка вокально-инструментального ансамбля «Армандастар» Аспеткул Айтжанова исполнила песню «Письмо Татьяны Онегину», аккомпанировал на гитаре Азамат Айтжанов. Зрители услышали также следующие стихотворения; на уйгурском языке «Ілім тапмай мақтанба» (Зарина Абдрахманова), «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» (Сауле Смагулова), «Не бейся, сердце, чересчур» (Марфа Глущенко), «Тихой ночью при луне» (Геннадий Дёмин), «На смерть Абдрахмана» (Галина Хмырова).
Член литературно-музыкального объединения «Өнер өрімдері» поэт, композитор, күйші Талап Караш подарил библиотеке сборник стихотворений известной казахской поэтессы Қанипы Бұғыбаевой «Соңғы сөз». Он прочитал из сборника стихотворение «Абай аға». Талап исполнил на домбре күй композитора Малгаждара Аубакирова «Талас».
Завершил вечер заместитель директора Джумабеков Максут Таинович, который поблагодарил ведущих вечера, всех участников мероприятия и зрителей и высказал пожелание, что и в дальнейшем в нашей библиотеке будет вестись пропаганда творческого наследия великого Абая.
Всего присутстовало 48 человек.
Отдел индивидуального обслуживания