News & Events
«Қасіретті жылдар тағылымы» — 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихи-танымдық шара
- 06/06/2018
- Posted by: RBNSG
- Category: News archive
Үстіміздегі жылы мамыр айының 31 –ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Қасіретті жылдар тағылымы» — 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихи-танымдық шара өтті. Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз сол замандағы солақай саясаттың құрбаны болған жазықсыз азаматтардың әруағына бас иіп, тағзым ете отырп, бүгінгі жастарды Отанын қорғауға, жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды. Еске алу кешіміз ҚР Мемлекеттік Әнұранның ор ындалуымен басталды. Шара барысында келген қауымды «Егемен Қазақстан» газетінің 100-ші нөмірінде Мемлекеттік басшы Н. Ә. Назарбаевтың 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні жариялаған Үндеуімен таныстырып, шолу жасалынды.
Іс-шара қатаң саясат салдарынан қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялаумен жалғасын тапты. 31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды – Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні елімізде жыл сайын аталып өтеді. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялысының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Сол кездегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың жақындары да жапа шекті. Зерттеушілер деректеріне сүйенсек, осы кезең аралығында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген.
Сол жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударғандығы турасында баяндалып, тақырыпқа сай өлең жолдарын нақышына келтіріліп оқылды.
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар.
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.
Тарихи-танымдық шара барысында «Зұлмат жылдар зардабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, тақырыптық слайд көрсетілді.
Қуғын-сүргін құрбандарын ұмытпай еске алып, өскелең ұрпақ арасында насихаттап, мұндай зұлмат болмасын деген оймен, тарихи-танымдық шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Кітапхананың белсенді оқырмандары, Қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауларында «Өз елім», «Я люблю сваою землю», «Көктудың желбірегені» әндері шырқалып, «Соловьи Алатау» орыс хорының жетекшісі Прасковья Савинкина баянның сүйемелдеуімен Илья Паздеровтың орындауында «О тревожной молодости», «Каким ты был»әндері келген қауымға тарту етілді. Олай болса, осынау қилы кезеңдерде елім деп еңіреп өткен ерлердің есімдерін ұлықтай отырып, тарихқа тағзым ету, жас ұрпақтың басты борышы болмақ.
Алия Рахимжанова,
жеке қызмет көрсету бөлімінің қызметкері