КІТАП ҚОРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ АБОНЕМЕНТ БӨЛІМІ

Кітап қорын сақтау және абонемент бөлімі көзі көрмейтін зағип мүгедектер, сонымен қатар басқа да санаттағы мүгедектерге ақпараттық – кітапханалық қызмет көрсетуді төмендегі тәртіппен іске асырады.

Абонемент, кітапханалық пункттер, дауыстап оқу үйірмелері, үйде қызмет көрсететін абонемент және кітапханааралық абонементтер, қажет болған жағдайда сырттай абонементтерді пайдаланады.

Бөлім кітапхананың жеке құрылымдық бөлімшесі болып саналады, оның құрамына кіретіндер – абонемент, кітап сақтау қоры, сырттай және үйде қызмет көрсететін абонемент және электронды қор залы.

Алматы қаласы мен облысында тұратын көздері нашар көретін және зағип мүгедектер, олардың жанұя мүшелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Алматы қаласы мен облысындағы ҚЗҚ мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істейтін көзі көретін азаматтар, зағип және нашар көретін азаматтар мәселесімен айналысатын адамдар.

Зағип және нашар көретін оқырмандар мен басқа да  санатты мүгедектерге арналған абонементтер, кітапханалық пункттер, дауыстап оқу үйірмелері, үйге бару және кітапханааралық абонементтер арқылы бөлімнің насихаттау жұмыстарын ұйымдастырады.

Біздің бөлімде 6 адам қызмет атқарады оның ішінде 5 қызметкері штатта және 1 қызметкер келісім-шартпен жұмыс атқарады.

Электронды залда қызмет керлері электронды ресурс залында эектронды мәліметтерді электрондық құралдарға жазады және әр түрлі мағлұматтарды ғаламтор арқылы іздейді. Көзі көрмейтін оқырмандарға компьютерлік сауаттылыққы үйретеді.

         Қажет болған жағдайда басқа жұмыстарды орындап, кітапхананың басқа да бөлімдеріне көмек көрсетеді.

[an error occurred while processing the directive]
[an error occurred while processing the directive]