АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БӨЛІМІ

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде Автоматтандыру және техникалық қолдау бөлімі 2011 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Бөлімде штат бойынша 4 қызметкер жұмыс істейді.

Бөлім келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:

1. Барлық кітапханалық процестерді автоматтандыру.  MS Access платформасында жұмыс істейтін ҚР ҚК ААЖ базасын жүргізеді.

2. Кітапхананың компьютерлік және басқа да жабдықтарына техникалық қолдау.

3. Кітапхананың жергілікті желісі мен интернет желісін жұмыс жағдайында ұстау.

4. Кітапханада өткізілетін түрлі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу (кештер, семинарлар, бейнеконференциялар, біліктілікті арттыру курстары).

5. Кітапхана сайтына техникалық қолдау және қызмет көрсету

[an error occurred while processing the directive]
[an error occurred while processing the directive]