КІТАП ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ КАТАЛОГТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

Бөлімнің негізгі міндеттері

 

  1. Кітапхана қоры мен мерзімді басылымдар қорын ең алдымен мемлекеттік тілдегі басылымдармен ЗНКААРК Жарғысының міндеттеріне, оқырмандар құрамы  мен олардың сұранысын негізге ала отырып толық, ғылыми-дәйекті  және жедел төмендегі барлық басылымдар  түрлерімен толықтыруды қамтамасыз етеді:

— нүктелі-бедерлі қаріпті;

— «дыбыстандырылған» әдебиеттермен;

— жайпақ баспа қаріпті;

— бедерлі-графикалық құралдармен;

— электронды тасымалдағыштағы басылымдармен.

  1. Кітапхана қорына келіп түскен әдебиеттерді жедел өңдеу және жүйелеу, ЗНКААРК қорын каталогтар мен картотекалардың бекітілген жүйесі арқылы толығынан ашып көрсету.
  2. Қазақстан Республикасындағы облыстық, қалалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаларына, ОК (Маңғыстау, Алматы облыстары) арнаулы бөлімдеріне кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсету.
  3. Әдебиеттерді сипаттау, алфавиттік және жүйелі каталогтарды ұйымдастыру, пайдалану мәселелерін әдістемелік және ғылыми түрде өрістету.
  4. Республика бойынша облыстық, қалалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаларға, ОК (Маңғыстау, Алматы облыстары) арнаулы бөлімдеріне «Автоматтандырылған ақпараттық жүйе – Қазақстан Республикасы арнаулы кітапханалары» («ААЖ–ҚР АК») бағдарламасын қою.

Бөлімнің негізгі функциялары мен жұмыс мазмұны

 

  1. ЗНКААРК қорын толықтырудың моделін құру және тәжірбие жұмыстарында  қолдану.
  2. Кітапхана қорын ағымды және қосымша толықтыруын ұйымдастыру, ол үшін: әдебиеттер қорын толықтыруға арналған түрлі көмекші библиографиялық ақпараттарды шолу арқылы (басылымдардың барлық түрін) анықтау және сұрыптау, отандық және шетелдік баспалар мен кітап саудасы ақпараттарын үнемі қадағалап отыруды жүзеге асыру, сонымен бірге қазіргі технологияны пайдалана (Интернет) отырып:

—  түрлі дереккөздерді қолдана отырып әдебиеттерді алу;- нүктелі-бедерлі қаріпті әдебиеттерді Ресей соқырлар қоғамы  баспаларынан «Чтение» (СПб.қ.),  «Репро» (Москва қ.) алу;

— «дыбыстандырылған»  әдебиеттерді Ресей соқырлар қоғамы  «Логос» баспасынан алу;

 арнайы бекітілген «Ережені» негізге ала отырып, ел ішінде және шетелдермен әдебиеттер алмастыру жұмысын ұйымдастыру;

— тапсырыстың толық толықтыру (электронды алғашқы, ағымды және орындалған тапсырыстар) картотекасын жүргізу;

— қажетті анықтама-көмекші (баспалардың, кітап дүкендерінің мекен жайы, телефондары) аппаратын жүргізу;

  1. Кітапхана қорын есепке алу:

— жиынтық (суммарлық) есепке алуды жүргізу;

— түскен әдебиеттерді белгіленген тәртіп бойынша қабылдау;

— жекелей (инвентарлық) есебін жүргізу;

— түскен әдебиеттерді кітапхананың керекті бөлімдер  қорына жіберу;

— шығынға шыққан әдебиеттерді есеп құжаттарынан және каталогтардан шығару;

  1. Әдебиеттерді өңдеу және каталогтарды жүргізу, редакциялауды жүзеге асыру үшін:

— 7.1-2003 халықаралық стандарт бойынша жүйелеп библиографиялық  жазуды құрастыру ( дана, бағасы, т б.)

— кітапхана қорына келіп түскен әдебиеттерді шифрлау (кітаптың сыртындағы шартты белгі);

— каталогтық карточканы дайындау;

— жүйеленген библиографиялық жазуды  редакциялау;

— мәліметтерді ЖК-ге кіргізу және каталогтық карточканың данасын көбейту (каталогтарға арналған);

— қосалқы данаға жанама жазу;

— каталогқа жіберілетін карточкаларды редакциялау (сараптау);

— карточкаларды каталогтарға құю;

— кітапханадағы каталогтарды редакциялау (сараптау);

— каталогтарды безендіру;

— көркем әдебиеттер аттары бойынша ұйымдастырылған  картотеканы  жүргізу;

5.Түскен әдебиеттерді толық техникалық өңдеуден өткізу.

  1. ЭК және карточкалық каталогтардың жүйесін ұйымдастыру және жүргізу.
  2. Қазақстан Республикасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардың арнайы әдебиеттер қорына (нүктелі-бедерлі, «дыбыстандырылған» ) жиынтық каталогын ұйымдастыру және каталог арқылы ашып көрсету.
  3. Кітапхана бөлімдерінің мерзімді басылымдарға берген тапсырыстарын саралау, анықтау және қалалық «Дауыс» ЖШС жазылуды ұйымдастыру.
  4. Автоматтандырылған режімде мерзімді басылымдардың түсуін тіркеу, қадағалау.
  5. ЭК құйылатын библиографиялық жазуды құрастыру.
  6. Автоматтандырылған режімде дайындалып шығарылатын құжаттардың форматын құру және іс жүзінде қолдану.
  7. Автоматтандырылған режімде әдебиеттерді есепке алу, өңдеу және ЭК ұйымдастыру, тіркеу.
  8. Автоматтандырылған режімде әдебиеттерді өңдеу процессіне анықтамалық аппаратты құру және қолдану.
  9. Автоматтандырылған режімде есепке алу құжаттарын құру.
  10. Автоматтандырылған режімде библиографиялық карточканың түпнұсқа-үлгісін құру.

16.ЗНКААРК ЭК ұйымдастыру үшін кітапхана

қорына бұрын келіп түскен әдебиеттермен (ретроспективный ) жұмыс жүргізу.

  1. Бухгалтерияға кітапхана қорын толықтыруға кеткен шығын туралы есеп беру, берілген құжаттарды бухгалтериямен салыстыру.
  2. ЗНКААРК кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі бойынша тоқсандық, жылдық және жеке-дара жоспарларын құру, бөлімнің орындаған және жеке-дара орындалған есебін жүргізу.
  3. ЗНКААРК қорынан шыққан әдебиеттер актісінің есебін жүргізу.
  4. Республикадағы облыстық және қалалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаларына, ОК (Маңғыстау, Алматы облыстары) арнаулы бөлімдеріне кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталоггтарды ұйымдастыруда әдістемелік басшылық ету және көмек көрсету:

— семинарлар, стажировкалар, тұсау кесер, дөңгелек үстелдер өткізу және қатысу, кеңес беру;

— Республика  бойынша облыстық, қалалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаларға, ОК (Маңғыстау, Алматы облыстары) бөлімдеріне «Автоматтандырылған ақпараттық жүйе – Қазақстан Республикасы арнаулы кітапханалары» («ААЖ–ҚР АК»  бағдарламасын қою және әдістемелік, практикалық көмек көрсету үшін  іс-сапарға шығу;

— Республикалық білім көтеру институтының сұрауы бойынша дәріс беруге бөлімдегі қызметкерлердің қатысуы.

  1. Бөлімде еңбек пен басқаруды ғылыми түрде ұйымдастыруды енгізу. Технологиялық процесті жоғарғы сатыға көтеру, еңбекті оңайлату және рационализациялау, жұмыс уақытын дұрыстау және еңбекті нормалау, басқаруды жетілдіру.
  2. ЗНКААРК қорын толықтыру, сақтау және шығынға шығару комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.
  3. Облыстық, қалалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардың, ОК (Маңғыстау, Алматы облыстары) арнаулы бөлімдері мен ЗНКААРК басқа бөлімдерінің ұсыныстарын ескере отырып «Автоматтандырылған ақпараттық жүйе — ҚР арнаулы кітапханалары» бағдарламасын одан әрі жетілдіру.
  4. Кітапхана ісін дамыту және әдістемелік жұмыс, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен бірлесіп кітапхана қоры құрамының оқырмандар сұранысына сәйкестігін зерттеуге қатысу.
  5. Жылына екі рет «ЗНКААРК дыбыс жазу студиясынан кітап қорына келіп түскен электронды тасымалдағыштардағы басылымдардың аннотацияланған каталогын» шығару.
  6. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесін орындау дәрістерін дер кезінде алынуына бақылау жасау.
[an error occurred while processing the directive]
[an error occurred while processing the directive]