КІТАПХАНА ІСІН ДАМЫТУ, БИБЛИОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТИФЛОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім библиография және тифлология мәселелері жайында оқу орындарына, Қазақ соқырлар қоғамының мекемелері мен ұйымдарына, кәсіпорындарына, ҚР зағип және нашар көретін азаматтарының арнаулы кітапханаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді.
Бөлімде 6 қызметкер, оның ішінде бір кітапханшы-тифлопедагог, екі бірінші топтағы көз мүгедегі жұмыс істейді.
Бөлім келесі бағыттар бойынша жұмыстар атқарады:
-Арнаулы кітапханаларға әдістемелік қөмектер көрсетеді;
-Халықаралық және республикалық семинар-кеңестер ұйымдастыруға қатысады;
-Білім жетілдіру сабақтарын ұйымдастырады;
-Әдістемелік құралдар шығарды;
-Ауызша-жазбаша анықтамалар береді;
-Ашық есік күндері, экскурсиялар және т. б. іс-шаралар өткізуге қатысады.
Аймақтағы 7 облыстық, 4 қалалық, 2 филиал, 3 арнаулы бөлім кітапханаларымен тығыз байланыста жұмыстар атқара отырып, олардың жылдық жұмыс жоспарлары мен жылдық есептеріне аналитикалық және статистикалық шолу жасайды. Атқарған жұмыс есебі бойынша анықтамалар мен кеңестер жазбаша түрде жазылып жіберіледі.
Бөлімге келіп түскен кітаптар мен мерзімді баслымдарға шолу жасалып (қазақ және орыс тілдерінде) «Автоматтандырылған ақпарат жүйе – ҚР арнаулы кітапханалары» бағдарламасы бойынша өңделіп, электрондық қызметтік каталог пен картотекалар ұйымдастырылады, карточкаларды басып алып, қызметтік каталог пен картотекаларға құяды. Ай сайын «Менің жолым» — «Мой путь» «сөйлейтін» газетіне мәліметтер жинақтайды.
Зағип ақындардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Дороги в поэзию» сериясы бойынша өлеңдер жинағы, ақпараттық бюлетеньдер: «Инвалиды: проблемы и решения», «Ваш лоцман в море информации», ұсынылған әдебиеттер тізімі «Книга-Чтение-Читатель», «ҚР жылда аталып өтетін және еске алынатын күндер тізбегі» басылымдары шығарылады.
«РБНСГ- Вести» газеті беттерінде жаңадан келіп түскен Брайль кітаптарына қысқаша шолулар жарияланады. «Құттықтаймыз–поздравляем!», «Тифлопедагог кеңесі – советы тифлопедагога», «Библиограф хабарлайды — библиограф информирует», «Это интересно» рубрикаларына материалдар дайындалып беріледі.
Бөлімде 2005 жылыдан бері «Оңалту кабинеті» жұмыс істейді.
Оңалту кабинетінде зағип жандарға, кейіннен жүре көз жанарынан айырылған зағиптарға Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуды үйретеді, көз ақауы бар және жүре көз жанарынан айырылған зағип балалардың саусақ ұшы сезу қабілеттерін дамытуға, жұмыс істеу жасындағы жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды кеңістікті бағдарлауға бейімдейді, оңалту техникалық құралдары жайында ақпарат бере отырып, зағип балалары бар ата-аналармен жұмыс, зағип жандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасау үшін өзі-өзіне қызмет ету әдістері мен тифлотехниканы пайдалануға, әлеуметтік қарым-қатынас жасауға, әлеуметтік тәуелсіздікке, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету жұмыстары жүргізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі жастарға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында, «Мир профессий» жобасы жұмыс істейді. Жоба аясында түрлі мамандықты игерген мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесулер ұйымдастырылып, ақпараттар беру жұмыстары жүргізіледі.
Оңату кабинетіне келушілерге «Мир на ощупь» іскерлік-ойынын, зағип мамандардың жұмыс орындарын, «Біздің басылымдар» және «Тифлоқұралдар» көрмесімен таныстыру шаралары ұйымдастырылады.