ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ

Жеке қызмет көрсету бөлімі зағип және нашар көретін азаматтармен  олардың отбасы мүшелерін және басқа санаттағы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен оңалту жұмысын жүргізе  отырып, олардың мәдениеті мен білімін жетілдіруге жәрдемдеседі.

Жеке қызмет көрсету бөлімі оқырмандардың  жан –жақты өндірістік, ғылыми, қоғамдық істеріне және өзін-өзі жетілдіруге көмектесу үшін  қызметкерді  (кітапханашы-дауыстап оқып берушіні) тағайындап,  бөлімнің тифлоқұралдарын қолдану   арқылы қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Жедел түрде оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандырады:

жеке жұмыс жасау бөлмелері мен бөлім залында дауыстап оқып беру арқылы; қажетті әдебиетті таңдап беру;

(рефераттар, курстық және диплом жұмыстарының) мәтіндерін жинастырып,  компьютерде теруге көмектесу;

оқу тапсырмаларын дайындауға көмектесу; диктофонға, магнитофонға жазу арқылы;

Бөлім  залында топтық және жеке дауыстап оқуды жалпы    оқырмандарға (танымал  адамдармен кездесулер, поэзия,                                                                                              тарихи-танымды,  әдеби-сазды кештер, ж.т.б.) ұйымдастырады және  ақпарат күндерін ұйымдастыруға қатысады.

 Кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттап, оқу мәдениетін тәрбиелейді.

Белсенді оқырмандарды кітапхана бөлімінде өтілетін іс-шараларға  қатысуға шақырады.