Мәңгілік Ел

Post Title

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы 2017 жылдың 10 қарашасынан бастап Алматы қаласында «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты жылжымалы көрме жобасын өткізеді.

Осыған сәйкес, 11 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде кітапханалар мен архив қызметкерлері үшін «Қоғамдық сананы жаңғырту: кітапханалар мен архивтердің қызмтетіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті. Осы дөңгелек үстелде Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры, Мәдениет қайраткері, өнертанушы Е.Б. Әлімқұловтың жасаған «Мәңгілік Ел - бабалар аманаты, келешек кепілі» атты баяндамасы «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің 131 нөмірінде жарық көрді.

Коментарий

Поик в материалах