Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2017 жыл қазан айының 26 жұлдызында «Л.Брайль нүктелі-бедерлі шрифтімен қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп өту» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар Ү Н Д Е У І

Post Title

                           Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2017 жыл қазан айының 26 жұлдызында «Л.Брайль нүктелі-бедерлі шрифтімен қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп өту» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар    Ү Н Д Е У І

              Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізіндегі басты міндеттің бірі қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу. Осы мақсатта бүкіл қазақстандықтар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуге атсалысып қолдау көрсетуде.

 Қазақстан Республикасының «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» мен барлық арнайы облыстық кітапханаларының бөлімдері мен бөлімшелері  Алматы қаласына жиналып, дөңгелек үстел аясында латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады.

            Дөңгелек үстелге А.Байтұрсынов атындағы тіл-білімі институтының ғалымдары, ҚР Ұлттық Кітап палатасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің өкілдері, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысты.

           «Л.Брайль нүктелі-бедерлі шрифтімен қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп өту» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысушылар  латын әліпбиіне көшудің келелі мәселесін талқылай отырып, бұл мәселенің маңыздылығының ешқашан да тұғырдан түспегендігін тілге тиек етті. Қазақ тілінің  латын әліпбиіне ауысу реформасы мемлекеттің   жаһанданудың әлемдік кеңістігінде  барлық салада халықаралық деңгейде дамуын нығайтады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жыл 26 қазан №569 Жарлығымен бекітілген жаңа әліпби  қазақ тілінің мәртебесін көтеріп қана қоймайды, әлемдік өркениетте болашағын анықтайды.

              Біз арнайы кітапханалардың өкілдері мен дөңгелек үстелге қатысушылар  латын әліпбиін енгізуді толығымен қолдаймыз және бұл бастама «Мәңгілік ел» көзқарасының негізі, сондай-ақ, біртұтас қуатты мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюының қозғаушы күші.

                                    Дөңгелек үстел қатысушылары: 

  1. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» РММ
  2. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты» РМҚК
  3. ҚР «Ұлттық кітапханасы» РММ ҚР  Ұлттық мемлекеттік «Кітап палатасы» РММ
  4. Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
  5. Ақтөбе облыстық зағип  және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы
  6. Атырау   облыстық зағип  және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы
  7. Шығыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы 
  8. Жамбыл  облыстық зағип  және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы
  9.  Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы
  10.  Қостанай облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы
  11.  Павлодар облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы
  12.  Петропавл облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы
  13.  Семей қаласы зағип және нашар көретін азаматтардың арнайы облыстық кітапханасы 
  14.  Алматы облыстық кітапханасының арнайы бөлімі (Талдықорған қаласы)
  15.  Оңтүстік Қазақстан  зағип және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы
  16.   Алматы қаласы Н.Островский атындағы №4 зағип және нашар көретін балалардың арнайы мектеп-интернаты
  17.  Есік қаласы зағип және нашар көретін балалардың мектеп-интенаты Қазақ соқырлар қоғамының қалалық филиалы
  18.  «Көмектес» қайырымдылық қоры
  19.  «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жастар ұйымы 

Коментарий

Поик в материалах