«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана»

Post Title

«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған

республикалық  кітапхана»

 

Экскурсия

 

Кітапханаға 19 қыркүйек күні AMU (Almaty Management University) университеті 1 курс студенттерінің екі тобы, құрамы 36 адаммен экскурсияға келді. Олар кітапхана жұмыстарымен танысты. Тифлопедагог  Ж. Медиярова мен бөлім кызметкері А. Мырзабеков оңалту кабинетінің жұмысымен, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша дайындалған «Қазақстан Республикасының ескерткіштерінің тарихи және мәдениеті тактілді кітапта» атты және тифло-құралдардың көрмелерімен таныстырды. Оңалту кабинетінің жұмысы студенттердің қызығушылығын тудырып, ерекше әсер етті. Сондай-ақ, студенттерге «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару бөлімі ерекше таныстырылды. Бөлім меңгерушісі А. Әжібеков тифлокомплекспен  жұмыс жасайтын зағип мамандардың жұмыс орнын көріп, «DAISY» форматындағы кітаптарды жасау, редакциялау турасында мағлұматтар алды. Брайль  дисплейі «super Vario80» және Брайль принтері «Index Braille box V4» тифлотехникалық  құралдардың қолданылуын көрді. Дыбыс жазу студиясының жұмысымен, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің жұмысымен, оқу залының жұмысымен, жалпы кітапхананың жұмысымен танысты.

Әңгімелесу барысында студенттер өздерінің көкейлерінде тұрған сұрақтарын қойып, оларға жауаптарын да алды. Олар өздерінің белсенді оқырман екендіктерін де байқатты. Экскурсия аяғында өздерінің пікірлерін  «Пікірлер кітабында» қалдырды. 

 

Бөлім кызметкері  

Ж. Дүйсебаева

Коментарий

Поик в материалах