ЖЕЛМЕН ЖАРЫСҚАН МАҒЖАН

Post Title

         Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада 10-шы маусым күні қайсар спортшы қазақ жігітімен кездесу болып өтті. Кеш жүргізушісі – дәстүрлі әнші Бауыржан Құмарбеков Мағжан туралы оқырмандарға қара сөздің майын тамыза таныстырып өтті. Спортшылығымен қатар жігерлі жігіт ән айтып, домбыра шертеді. Соның дәлеліндей, «Қазақстаным» және «Бала махаббат» әндерін күміс көмейлі әншілер Нұрбек Ғизатов және Бәтима Полищукпен бірге орындап, кеш шырайын аша түсті.

       Сегіз қырлы, бір сырлы кеш кейіпкері «Қазақ жастары», «Сен үшін», «Өмір өтті» т.б. әндерін жеке орындап берді. «Атамұра» ұлт аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен Сүгірдің күйі «Ыңғай төк» және «Әуен» күйлерін домбырада шертті. Кешке Мағжанның бағын ашып, бабын жасаған жаттықтырушысы Геннадий Григорьевич Оничко да арнайы келген болатын. Мейірімді азамат Мағжанды мектеп-интернаттан бастап жетелеп келеді екен. Мағжанның қайсарлығын, жігерлілігін мақтаныш тұтатын ұстаз осынау мақтаулы шәкірті жайлы ғаламтордан «Моя высота» атты документальды  фильмнен толық мағлұмат алуға болатынын алға тартты. Өнерлі зағип жандардың қамқоршысы, Мәдениет үйінің директоры Ғазизхан Әділханов Мағжанның жаттықтырушысына рахметін айтып, иығына шапан жапты. Ал Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Ерлікбай Бессатұлы Әлімқұлов жалынды жасқа «Алғыс хат» тапсырып, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар Алматы қаласының Қазақ соқырлар қоғамының төрайымы К.С.Кунурбаева, «Өнер бұлағы» қорының президенті Бәтима Сағынғалиқызы, кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі  С.С.Тлеукенова, т.б. кеш кейіпкеріне ізгі тілектерін жеткізді.

Коментарий

Поик в материалах