Мәңгілік елдің діңгегі –Астана

Post Title

 

Мәңгілік елдің діңгегі –Астана

 

     Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада ағымдағы жылдың шілде айының 5-і күні сағат 12:00 де

6-шілде Астан күніне арналған  «Мәңгілік елдің діңгегі –Астана» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш ҚР Мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Мерекелік  шараны  кітапхана директоры Әлімқұлов Ерлікбай Бессатұлы алғы сөзімен ашты. Әдеби-сазды кештің жүргізушісі  өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Даржанова Гулназ және «Армандастар» вокалды аспаптар тобының мүшесі Ғизатов Нұрбек болды. Кеш жүргізушілері екі тілде Астананың тарихын баяндап берді.  

Кешке Дүйсембиев Ержан, Умеров Владимир, Айтжанова Әспетгүл, Нұрлыбаев Мағжан, мәдениет үйінің «Атамұра» ұлт аспаптар ансамблі қатысып өз өнерлерін көрсетті. «Арман кала – Астана» жайлы шағын бейнефильм көрсетілді.

Кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде ұйымдастырылған еліміздің бас қаласы – Астанаға  арналған  «Әсем қала –Астана» атты көрме ұйымдастырылды.

      Әдеби-сазды кештің мақсаты: Астана тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолында күре тамырында аз ғана жылдың ішінде жазық далада Қазақстанның қайталанбас келбеті, заманауи қаланың бой көтерген тәуелсізде Егемен Қазақстанның кіндік қаласы Астана жайлы айту. Астана жайлы ән және өлеңдермен таныстыру.

     Кеш барысында   Дүйсембиев Ержан «Қазақтай ел қайда», Владимир Умеров пен Ержан Дүйсембиевтің орындауында «Весна на Заречной улице», Ғизатов Нұрбек пен Нұрлыбаев Мағжанның орындауында «Менің Қазақстаным» әнін  орындаса Мәдениет үйінің «Атамұра» ұлт аспаптар ансамблінің орындауында Н.Тілендиевтің «Қош керуен», «Әуен» күйлерін орындап көрермен ықыласына бөленді.

    Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар. Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.

Кеш жүргізушісі  Даржанова Гүлназ  

Астанам - бағы биік асқарымсың,
         Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
         Астанам пейіш қалам, ел арманы,
         Астанам – қайда жүрсем мақтанышым  
деген өлең жолдарымен, әдеби-сазды кешті  аяқтады.       

 

 Жеке қызмет көрсету бөлімі

 

 

 

 

 

  • User Name Bernice

    http://carxxinsurancexx.org/ - cheap auto insurance cheap auto insurance quotes car insurance quotes

  • User Name Paustlavethy

    online payday loans <a href=http://loans24ololopayday.com/>pay day loans</a> loans direct <a href="http://loans24ololopayday.com/"> quick loans</a>

  • User Name Maggie

    order cialis online cialis generika cheap cialis rx

Коментарий

Поик в материалах