Рәміздерім - мақтанышым

Post Title

Рәміздерім  - мақтанышым

 

Ағымдағы  жылы маусым айының 2-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада 4-маусым Қазақстан Республикасы  мемлекеттік  рәміздерінің  қабылданғанына  25-жыл толуына  арналған  «Рәміздерім - мақтанышым» атты  әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты - оқырмандардың мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту, оларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.

Шара барысында   арнайы  «Мемлекеттік рәміздер -  ұлт мақтанашы»  атты  кітап   көрмесі ұйымдастырылды, тақырыптық слайд  көрсетілді. Шара ҚР Мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Мерекелік  шараны  кітапхана директоры Әлімқұлов Ерлікбай Бессатұлы алғы сөзімен ашты.

Жүргізушілеріміз   екі тілде Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны елдің саяси тәуелсіздігінің және егемендігінің рәміздері екендігін айтып,  келушілердің назарын ҚР Конституциясының 34-бабына аударды, онда «әрбір азамат Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге және оны құрметтеуге міндетті» деп жазылған. Сондықтан бүгінгі іс-шара – құқықтық респект және ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет. Елтаңбаны, Туды және Әнұранды біліп қана қоймай, оның мәнін түсіну керектігін айтты.

 Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті деген, елбасы  сөзімен кешіміз жалғастырылды.

 Мерекелік шараға  кітапханамыздың  белсенді оқырмандары қатысты. Рәміздер  күніне  орай  Дүйсенбиев Ержанның  орындауында  «Көк тудың желбірегені» әні жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Шара барысы «Өнер  өрімдері» әдеби-мәдени клубының жетекшісі Әбетқан Тоқтағанның «Кемеңгер ұлт қазақпыз»,  аталған клубтың мүшесі  Сәуле Смағұлова  Әкім Ысқақтың  «Сенсің менің  қазағым» атты  өлеңдерін жатқа оқыса,   белсенді оқырмандарымыз Иминова Мариям мен «Незабука»  поэзия  клубының  жетекшісі Владимир Ивановский  авторлық  туындылары   «Родина»,     «Гимн»  өлеңдерін  нақышына келтіріп  оқып берді.  Қазақ зағиптар қоғамына қарасты Мәдениет үйінің «Атамұра»  ұлт аспаптар  ансамблінің  өнерпаздары орындаған  Нұрғиса Тілендиевтің  «Ата  толғауы», Сүгірдің күйі  «Ыңғайтөк»  күйлері  кешіміздің сәнін кіргізді.

         Еліміздің елтаңбасының басты элементі ол-шаңырақ. Халқымызда «шаңырағың шайқалмасын», «шаңырағың биік болсың» деген үғым бар.  Мемлекетіміздің шаңырағы биік, керегесі кең болып, жұлдызы жарқырай берсін деген тілектермен кешіміз  аяқталды.

 Шара  соңында Ахмет Қырықбаевтың орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің  «Атамекен» әні шырқалды.

Шара екі тілде өткізілді. Қатысушылар саны 40 адам.

 

Жеке қызмет көрсету бөлімі

 

  

Коментарий

Поик в материалах