Зұлмат жылдар зардабы

Post Title

Зұлмат  жылдар  зардабы

Үстіміздегі жылы мамырдың 29-ы күні 31-ші мамыр  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған  республикалық кітапханада, кітапхана қызметкерлері мен Қазақ зағиптар қоғамы  мәдениет  үйі өнерпаздарының  ұйымдастыруымен  «Зұлмат жылдар зардабы» атты тарихи-танымдық  шара өтті.

Шараның  мақсаты: Сол замандағы солақай саясаттың құрбаны болған жазықсыз азаматтардың әруағына  бас иіп, тағзым  ете отырып, бүгінгі жастарды Отанын қорғауға, жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 Іс-шара қатаң  саясат  салдарынан қуғын-сүргінге ұшыраған  құрбандарын еске алу мақсатында  1 минут үнсіздік жарияланудан басталды.

31- мамыр ХХ ғасырдың  басында талайды  сарсаңға салып,  қасірет шектірген  саяси қуғын-сүргін  құрбандарын  еске алу  күні.    Атаулы  күн  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл дата Қазақстан үшін айырықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге  ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болғанын жүргізушілеріміз баяндай отырып, т.б сол сияқты мәлімметтерді оқырмандарға жеткізіп, тақырыпқа сай өлең жолдарын нақышына келтіріп оқып берді.

Тарихи-танымдық шара барысында  «Тарихтағы ақтаңдақтар» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, тақырыптық слайд көрсетілді.

Көру және есту мүгедектігі бар азаматтар арасында мәдени   шаралар  ұйымдастыру мекемесінің жетекшісі Әділханов  Ғазизхан Ибрайханұлы   аталмыш тақырып аясында Ж. Әшімжанның «Үндістің монологын» тебірене оқып, өзі түсірген «Сұрмерген» атты деректі фильмді алғаш рет  көрермендер  назарына ұсынды.

Кеш қонағы, кітапхананың   белсенді оқырманы  Гусев  Виталий  қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз «халық жауы» атанып, ату жазасына кесіліп, кейінен ақталған атасы туралы естеліктер айтты.     

Қуғын-сүргін құрбандарын ұмытпай еске алып, ұрпаққа таратып, жеткізіп айтып отырса, мұндай зұлмат болмасын деген оймен, тарихи-танымдық шара концерттік бағдарламамен жалғасты.  Қазақ зағиптар қоғамы өнерпаздарының орындауларында  «Отан ана», «Родина моя», «Қазақ елі» әндері шырқалып, «Родина моя» өлеңі оқылып, «Ақ жауын», «Салтанат» күйлері шертіліп, «Мой Казахстан»  өлеңдері  нақышына келтіріліп  оқылды.

Олай болса, осынау қилы кезеңдерде елім деп еңіреп өткен  ерлердің есімдерін  ұлықтай отырып, тарихқа тағзым ету, жас ұрпақтың басты борышы болмақ.

                                                                                 Жеке қызмет көрсету бөлімі

   

Коментарий

Поик в материалах