18 мамыр - Халықаралық музей күні

Post Title

18 мамыр - Халықаралық музей күні

Алматы қаласында С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінде 18 мамыр күні Халықаралық музей күніне арналған іс-шара өткізілді.

Аталған іс шараға Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Әлімқұлов Е.Б., Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері Момбекова Н.А. және «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару бөлімінің қызметкері Айшуақова Қ.М. қатысты. Кеште шақырылған қонақтарды мұражай тыныс-тіршілігімен таныстырды. Арнайы ұйымдастырылған концертте Талғар қаласынан санаториялық мектептен келген оқушылар өнер көрсетіп, Темірбек Жүргенов атындағы колледжден келген студенттердің қойылым көрінісін тамашалатты. Осы мерекеге орай музейде шахматтан жарыс ұйымдастырылып, кітапханамыздың атынан қатысқан Айшуақова Қ.М. өзінің шеберлігін көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алып, сыйлықпен марапатталды. Кітапхана басшысы Әлімқұлов Е.Б. кітапхана атынан құттықтау сөз сөйлеп, құттықтау грамотасын табыс етті. Халық әндері «Бір бала» мен «Айқарақөз» әнін Момбекова Н.А. гитарамен орындап, көрермендер ризашылығына бөленді. С.Мұқанов  пен Ғ.Мүсірепов мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің басшысы Қайырбаев Ә.Ж. мұражай атынан Әлімқұлов Е.Б. алғыс хат табыс етті.

Іс-шара қызықты да көңілді өтті.

Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі

 

 

Коментарий

Поик в материалах