«Қазақтың Асанәлісі»

Post Title

«Қазақтың Асанәлісі»

Мамыр айының  17 жұлдызында  Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған  республикалық  кітапханада  «Қазақтың Асанәлісі» атты әдеби кеш өтті.

 Әдеби кештің мақсаты:  КСРО халық әртісі мемлекеттік сыйлықтың иегері, есімі аңызға айналған, театр және кино актері Асанәлі Әшімовтың  өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

 Асанәлі Әшімов үшін өнер мен өмір егіз ұғым қазақ киносы мен театрын Асанәлісіз, ал Асанәіліні бұл екеуінсіз елестету мүмкін емес, сонау 50 жылдардың өнер әлеміне жүрексіне енген дарынды жас, бүгінде қазақ өнерінің дара тұлғасына айналды. Асқар Тоқпановтың соңынан еріп тәлімін терді, Шәкен Аймановтың ұстаздық мектебінде көрді. Кино мен театрда кесек бітімді нар тұлғалардың ролін сомдады. 1971 жылы  «Атаманның ақыры» мен «Қыз Жібек» фильміне қатар түсті бір мезетте екі образды бір- біріне қарама-қайшы  тұлғаны сомдау оңай болмады, бірақ Асанәлі Әшімов алып шықты. Оның кейіпкер болмысымен біте қайнасқаны сонша, көрерменді сендіре білді, ол ойнаған Бекежан зұлым емес, даңғой, есті тентек, есерлігі болсада, ер көңіл шалт мінезді шайпау тұлға. Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібегі» бүгінде қазақ  киносының  классикасына  айналса, оны сомдаған актерлер театр мен киноның тарланы атанды. Бірақ Асанәлі Әшімовты көрген жұрт әлі күнге алдымен Бекежан жайлы сұрайды.

Осы шараға байланысты төрде Асанәлі Ашімовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын «Қазақтың Асанәлісі» атты көрме дайындалды. Бейнетаспада  актердің суреті көрсетілді. Өнер атты асауды буырқанған  жастық жігерімен,  бұла талантымен  ырқына  көндіріп  60 – жылдарда  өресі  биік жанрдың тамырына,  бүлкілдете қан  жүгіртіп, тың серпіліс алып келген қазақ  сахарасының  серісі, төл өнеріміздің төл құжаты қызы мақтап, еліде жақтаған Асанәлі Әшімов 80 жасқа келді. «Жауызды жақтағаның – жауыздық» Асанәлі Әшімовтың сөзі- бұл деп бастады кешті жүргізуші  өнер және спорт бөлімінің қызметкері Момбекова Назым. Асанәлі Әшімовтың өмірбаянымен  қазақ және орыс тілдерінде Өнер және спорт бөлімінің қызметкерлері Құсайынова Меруерт пен  Маханова Захра  таныстырып өтті. 39 жасында Кеңестік Қазақстанның,  43 жасында Кеңестер Одағының халық әртісі атанған актер КСРО мемлекттік сыйлығын алған  «Қан мен Тердегі» Елеманмен бірге, неше буын көрермен қамығып мұңайса, Қазақстан мемлекеттік сыйлығын емденген «Атаманның ақыры» фильмдегі тыңшы Шадияров бейнесі, талай жас ұрпақты еліктірген актер екендігін айтып өтті. Бүгінде қазақ киносының классикасына айналған Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» киносынан  Бекжанның рөлінен үзінділер бейнетасбадан көрсетілді.

 Қызыр қонған бақ қонған актер, өзі бақ қонған жерге қонады дейді туғаннан бақытты болып туған  актер дейді замандастары. Өнерде өрге озған өнер иесінің өміріде жайлы еді, қызмет, ақша, адал жар, қос ұлы болды, алайда бар тәттісін ұсынған алдамшы өмір, елі еркелеткен ерке актердің тағдырын тәлкек етті. Сұм ажал  жары Майра ұлдары Мәди мен Сағиын алды.

Емендей ер егілгенімен сымбат өнерге деген ессіз махаббат ес жиғызды, өмірлік серігіне арнап «Майраның әні» атты кітап жазды жастық жалын сағынышқа толы өткен күннің естен кетпес шуақты күндері жанына жалау болды, қайта ұмтылды қайта туды. Бағдаттай бағымен бас қосып жетпісінде, өмірге кіші Асанәлі келді. Әртіс Әшімовтер әулеті жалғасты. Жұлдыздар аллеясы, даңқ аллеясы деп аталатын бұрышта қазақ өнеріне сүбелі үлес қосқан азаматтардың есімі ғана жазылады. Олардың қатарында әзірге үш  қана өнер майталманы бар. Сол үштікте Асанәлі ағамызда бар.

Төл  мерекесін бүкіл ғұмыры өткен Мұхтар Әуезов театрында ерекше атап өткенін айта келе актердің өмірі мен шығармашылығы туралы бейне ролик көрсетілді. «Жақсы актерлер ұзақ өмір сүреді, өйткені олардың өз өміріне қоса сахнадағы өмірі бар»-деп актердің сөзімен кешті аяқтады.

Аталған шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары-100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның «Біртектілік пен бірлік» атты 4-ші бағытының 87-ші қадамы «Менің елім» кең көлемді жобасын қамтыды.

Шараға 42 оқырман қатысты.

Момбекова Н.А.,

Өнер және спорт әдебиеттері

 бөлімінің қызметкері.

 

    

Коментарий

Поик в материалах