Желбіре Жеңіс жалауы!

Post Title

 

Желбіре Жеңіс  жалауы!

 

Үстіміздегі  жылы   мамыр айының  12-сінде  Зағип және нашар көретін азаматтарға  арналған  республикалық  кітапханада    Қазақ зағиптар  қоғамы және аталған қоғамға қарасты  мәдениет  үйінің өнерпаздарының қатысуымен      Ұлы  Жеңістің  72-жылдық  мерекесіне арналған  «Желбіре Жеңіс  жалауы»  атты әдеби-сазды кеш  өткізілді.

Кештің мақсаты: Сұрапыл соғысқа қатысып  фашизмді  тізе  бүктірген  аталарымыз бен  әкелеріміздің қаһармандық  ерліктері мен  жанқиярлық  қайсарлығын  еске түсіріру.  Жеңіс  күні - бұл  естелікке толы мереке  болғандықтан  өскелең ұрпаққа  бейбіт өмірдің  қадір-қасиеті туралы  өсиет айтып, Отанын  сүюге, қорғауға тәрбиелеу. 

Мерекелік іс-шараға Ұлы Отан  соғысы,  тылдағы еңбек ардагерлері, Ауған соғысы,  Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысқан ардагерлер  арнайы шақырылды.

Бұл   күнді  соғыстың алғы шептерінде  қайсарлықпен  шайқас жүргізіп,  ерліктің сан  үлгісін көрсеткен  ардагерлер,  өздерінің тылдағы  қажырлы еңбегімен  жеңісті  шыңдаған азаматтар тойлайды. Ұлы  Жеңіс күні елі мен жері  үшін жанын қиған, туған-туыстарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған  қаһарман ерлерді  бүкіл ел болып еске алады.

 Жүргізушілеріміз бұл  Жеңіске жету  ісіне қазақ халқы да өзінің  лайықты  үлесін қосқандығын атап өтті. Қазақстандық  жауынгерлер Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі  шайқаста,  Днепр өткелінде,  Москва мен Ленинград  үшін болған  ұрыстарда  ерен  ерліктер  көрсетті. Украинаны, Кавказды,  Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыня, Венгрия, Чехословакия,  Болгария,  Германия  жерлеріндегі майдан жолдарында  жеңіс туын көтеріп өтті.  Ұлы Отан соғысы жылдарында  біздің қандастарымыз  қатыспаған  бірде-бір  үлкен шайқас  болмағандығын  баяндады.

Шара  барысында  «Ұлы  Жеңіс – ұрпаққа  аманат» атты  кітап  көрмесі  ұйымдастырылып,  шолу  жасалынды.

Іс-шара  концерттік  бағдарламамен жалғасты.  Мерекелік бағдарламамыз  барысында  өнерпаздар   патриоттық  әндер орындап, өлеңдер оқыды.   Атап айтсақ,   «Незабудка» поэзия   клубының  белсенді   мүшесі   Саадат Сакиева «Войну  я знаю по книгам» өлеңін оқыса, Мезикова Индира тылдағы еңбек ардагерлеріне  арналған  «Нас не надо жалеть»  атты әнді гитараның  сүйемелдеуінде  орындады. «Сидят в обнимку ветераны»,   «Вальс, о вальс», «В бой  меня  вела звезда» әндері  орындалып, А.Т. Твардовскийдің   «Василий Тёркин», «Дайте добавку»  поэмаларынан  үзінділер оқылды. 

Ұйымдастырылған мерекелік  бағдарламаны келген қонақтар арнайы  жайылған    дастархан  басында отырып  тамашалады.

Мерекелік  шарамыз Владимир Умеровтың  орындауында «День  победы» әнімен аяқталды.

«Сарғайса да  тарихтың ақ парағы,

Ол күндер  мәңгі есте  сақталады»,  –  деп  жырлағандай  Жеңіс күні жеңіс туын желбіреткен     аға  ұрпақтың ,  Ұлы  Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері  ешқашан  ұмытылмайды.   

    

      Жеке қызмет  көрсету  бөлімі

 

 

  

Коментарий

Поик в материалах